Алматы облысында коменданттық сағат аяқталды

Дегенмен, «террористік қауіптіліктің қызыл деңгейі» әлі де сақталады. Өңірде «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтпек.

Блокбекеттер де жұмысын әлі жалғастырып жатыр. «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында үй-үйді аралау, көліктерді тексеру жалғасады.

Серік Күдебаев, Алматы облыстық ПД бастығы:

- Әлеуметтік желілерде кейбір жеке тұлғалар 19 қаңтарда заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақырып отыр. Жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы тиісті өтініштер түскен жоқ. Құрметті жерлестер, сіздерді заң нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырамыз.