Қызылорда облысында коменданттық сағат талабын бұзғандар жауапқа тартылды

Қызылорда облысындағы 28 блокбекет алынып тасталды. Кіру-шығу жолдарының барлығы ашық.

Төтенше жағдай кезінде 962 адам полиция органдарына жеткізіліп, 253-іне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар коменданттық сағат талаптарын бұзған 200-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір өңірде ахуал тұрақты. Аймақта «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы жалғасады.

Ғалымжан Өмірзақов, қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Соңғы тәулікте тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзған 14 адамды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тұрғындардан «102» арнасына 100-ден астам қоңырау түсті. Олар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Облыс тұрғындарын заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге шақырамын.