Түркістан облысының құтқарушылары сырқаттанған екі адамды құтқарды

2022 жылдың 18 қаңтарында «112» қызметіне Түркістан облысының «Өгем» табиғи ұлттық паркінінің аумағындағы Өгем ауылының екі тұрғынына медициналық көмек қажет екені туралы хабарлама түсті.

1991 жылы туған әйел адамның жамбас сүйегі сынған, ал 1980 жылы туған тағы бір әйел адам ауыр сырқаттанып қалған.

Өгем ауылы таулы рельефті аймақта орналасқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жеңіл көлік жүре алмағандықтан, УАЗ автокөлігімен  Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркінің 1 маманы, жедел жәрдем қызметінен 3 қызметкер көмекке шықты.

18 қаңтарда сағат 23:20-да Құтқарушылар Жігерген ауылдық округі Жаңаталап ауылынан 50 шақырым жерден 2 әйел адамды эвакуациялап, тасылмалдауға қолайлы жерге жеткізді. Жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі