415,12 450,91 7,40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Атырауда жаппай бүлік кезінде тоғыз миллионға жуық шығын келген

  • 125
  • UPD: 23:43, 19.01.2022
Атырауда жаппай бүлік кезінде тоғыз миллионға жуық шығын келген

Облыстық әкімдіктің құны 3 жарым млн теңге болатын кіреберіс есік-терезесі мен төменгі қабаттағы есіктері сынған, деп хабарлайды Хабар 24.

Шеру өткен Исатай-Махамбет алаңына 3 млн теңге көлімінде залал келіпті. Сонымен қатар облыстық әкімдіктен құны 2 миллион теңгеден асатын түрлі мүлік қолды болған. Қазір 2,5 миллион теңгеге әкімдіктің кіреберісіндегі витражды терезе мен есіктер ауыстырылды. Әкімдік ғимаратында орналасқан асхана мен дүкеннен жалпы сомасы 520 мың теңгенің заттары ұрланған. Әкімдік кәсіпкерге келген залалды қалыпқа келтіруге әрекет етіп жатқандарын айтады.

Азамат Сәлімбаев, облыстық қаржы басқармасының басшысы:

– Әкімдіктен заттар ұрланды. Біздерде ауыл шаруашылығы басқармасы, ішкі саясат басқармасынан ноутбуктар ұрланды. Сонымен қатар 1 мемлекеттік қызметшінің сөмкесі қалып қойған екен. Сол ұрланыпты. Шамамен 60 мың теңге шамасында дейді. Сонымен қатар өздеріңіз көріп тұрған мемлекеттік рәміздерді ұрлап кеткен. Әкімшілік іс басқармасы бәрін қаражат шеңберінде қалпына келтіреміз деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы