Қызылорда облысындағы аудан орталығын су басты

Жаңақорған ауданының орталығын қарғын су басты, деп хабарлайды Хабар 24.

Жаңақорған кентінің 3 көшесі лай судың астында қалып, әлеуметтік желіде тұрғындардың қайықпен жүзіп жүрген бейнежазбасы пайда болды. Тіпті көшенің ортасында қармақ салып отырғандар да байқалды. Оқиға орнына құтқарушылар жасағы шақырылып, бірнеше сағатта жағдай ретке келтірілді. Арнайы техника көмегімен көшелерден 350 тонна су шығарылды. Қазіргі таңда қарғын су деңгейі төмендеді. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Гидромамандар ахуалды ұдайы бақылап отырады.