Азық-түлік бағасы бақылауда тұр

Маңғыстау облысының қоғам белсенділері бағаны өздері бақылайтын болды. Аймақ басшысы әр аудан-қалада халықтық бақылау штабтары мен Сall-орталықтар құруды тапсырды.

Сондай-ақ әлеуметке қажетті тамақ сататын бөлшек әрі көтерме сауда ұйымдарын меморандумға отыруға шақырды. Әкімнің айтуынша, биыл осындай сауда орындарының саны артады. Тақауда азық-түлік бағасы тым жоғары дүкендердің жабылатыны туралы хабарлама әлеуметтік желілерге тарап кеткен еді. Алайда, жауапты мамандар бұл мәліметті жоққа шығарды. Бір айтары, Маңғыстау өңіріне азық-түліктің 80 проценті өзге аймақтар мен шетелден жеткізіледі.

Нұрлан Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі:

– Аудандардың, қалалардың әкімдеріне тапсырамын. Бұрындары кәсіпкерлік басқармасы ғана осы мәселемен айналысқан болса, қазір барлығымыз ықпал етуіміз керек. Тауардың біздің облысқа келгеннен бері тұтынушыға жеткенге дейін бақылау жүргізу керек.