Семейде тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам құтқарылды

Сонымен қатар 40 адам эвакуацияланды.

Бүгін түнде Семей қаласында көп қабатты үйде өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері шақыртудан кейін 4 минуттан соң оқиға орнына келді. Үйдің 4 және 9 қабат арасындағы электр кәбіль сымдары жанған. Үй кіреберісі өте қатты түтінге оранған еді.

Ештеңеге күдіктенбеген тұрғындар ұйықтап жатқандықтан, өрт сөндірушілер барлық пәтерлерді аралап, тұрғындарды оятып, үлы түтінге ұшырағандардың барлығын таза ауаға шығарды. Үйдің жоғарғы қабаттарынан 17 адам құтқарылды, оның жетеуі балалар. Төменгі қабаттардан өрт сөндірушілер 40 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялады.

Құтқарылған тұрғындар «Вахта» жылы автокөлігіне орналастырылды. Түнгі сағат 2 - ге таман өрт толығымен жойылды, бүкіл халық өз пәтерлеріне оралды.

Өрттің алдын ала себептері - отты абайсыз қолдану және электр жабдығының авариялық режимі.

Өртті сөндіруге 25 адам мен 6 техника жұмылдырылды.

Баспалдақ алаңдары мен лифт шахталарында өрт шыққан кезде түтін тез таралады, сондықтан әркім білуі керек белгілі бір ережелерді сақтау қажет:

- егер сіз жанудың иісін сезсеңіз, түтін немесе отты көрсеңіз-өрт сөндірушілерді дереу шақырыңыз;

- үй – жайдан дереу шығыңыз, бұл ретте қандай да бір матаны сумен сулаңыз және ол арқылы тыныс алыңыз-бұл улы газбен улану және тыныс алу жолдарының күйіп қалу қаупін азайтуға көмектеседі.

- егер үй-жайдан шығу жолы оттың жалынымен жабылған болса, қылтимаға шығуға тырысыңыз және есікті артыңыздан мықтап жабыңыз;

- ғимараттан шыққан кезде лифтті пайдаланбаңыз;

- өрттің алдын алу үшін электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, сондай-ақ отты пайдалану кезінде абай болу және мұқият болу қажет.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» құтқару қызметінің телефонына дереу хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі