424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

  • 121
  • UPD: 12:55, 20.01.2022
Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады astana.gov.kz

Елордада жыл бойы өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі 21 қаңтардан бастап өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде жергілікті тауарлар, сондай-ақ көрші облыстардың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылған. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға арзан.

Естеріңізге сала кетейік, жәрмеңкеге қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 8 7172 61 35 54 нөмірі бойынша хабарласу қажет.

Жәрмеңкенің мекенжайы: «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109.

Жұмыс уақыты: күн сайын 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Хабар 24 телеарнасы