Ұлттық стандартты үлгілер мемлекетаралық тізімге қосылады

Сенаторлар стандартты үлгілерді жасау және қолдану жөніндегі келісімді ратификациялады. Енді осы құжатты мойындаған елдер Қазақстанда жасалған стандарттық үлгілерді де тануға тиіс.

Яғни, бізде жасалған тауарларды өзге елдерге экспорттағанда техникалық құжаттаманың уақыты - орта есеппен 1,5 айға қысқартылады. 

Айта кету керек, бүгінде елдің ұлттық тізілімінде 634 стандарттық үлгі тіркелген. Оның 337-сі мемлекетаралық құжатта бар. Елде мемлекеттік стандарттарды жасаумен 16 мекеме айналысады. Құжатты таныстырған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, келісім стандартты үлгілер экспортының артуына қолайлы жағдай жасап, құжатты мойындаған елдер арасында тауар айналымын арттыруға мүмкіндік береді.