Кәсіпкер жаппай тәртіпсіздік кезінде сақшыларды ыстық тамақпен қамтамасыз еткен

Талдықорған кәсіпкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге ат салысты. Олар стратегиялық нысандар мен блок-постардағы әскерилер мен полицейлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

Қауіп-қатерге толы күндерде тәртіп сақшыларына қолдау көрсеткендердің бірі – Дәурен Тәліпов. Ресторатор өзге мейрамхана және зауыт иелерімен бірлесе бір апта бойы күніне 500 азаматты екі мезгіл тамақтандырған. Сондай сәттердің бірінде қарулы қақтығысқа тап болады. Салдарынан көмекшісі екеуі ауыр дене жарақатын алған. Ота жасатып, бірнеше күн ауруханада жатқан ол бірер күн бұрын ғана жазылып шықты. Қоғам белсендісі ел басына күн туған шақта атқарған игі ісін қоғам алдындағы парызым деп біледі.

Дәурен Тәліпов, кәсіпкер:

– Азаматтық борышымыз ғой. Тек қана өзімізді, сарбаздарды ғана ойлаған жоқпыз. Елімізді, қаламызда тезірек тыныштық, бейбітшілік орнасын деген оймен аз да болса өзіміздің үлесімізді қосайық деп шештік.

Сондай-ақ...