БҚО-да инфекциялық стационар қайтадан ашылды

БҚО-да инфекциялық стационар қайтадан ашылды

Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 376 адамнан коронавирус анықталды. Соңғы аптада дертті жұқтырғандар саны 84%-ке өскен.

Науқастар санының күрт артуына байланысты облыстық көп бейінді аурухана жанынан қайтадан инфекциялық стационар ашылды. Қазір аймақта дәл осындай 8 емдеу орыны жұмыс істеп тұр. 6 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Жыл басталғалы бері қатерлі дерттен 5 адам көз жұмды. Екпе салдыруы қажет тұрғындардың 12%-і ғана қайта вакцина алған.

Бибігүл Айтбаева, облыстық көп бейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Біздің бөлімді қайтадан ашты. Қазіргі уақытта жұқпалы бөлімшеде бізде 58 науқас жатыр. Жансақтау бөлімшесінде 2 науқас жатыр. Екпе алған аурулар – 28, екпе алмаған аурулар – 30. Екпе алмаған ауруларда ауыр түрде жүріп жатыр.