Ақтауда мас күйінде екі адамды қағып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Ақтауда 2 адамды қағып өлтірген жүргізушіге сот үкімі шықты. Мас күйінде көлік басқарған әйел 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға өткен жылы 20 желтоқсанда болған. Түнгі 23:45 шамасында автокөлік жүргізушісі 16 және 19-шағын аудандар арасындағы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 29 жастағы әйел мен 5 жасар қызды қағып кеткен болатын. Әйел тіл тартпастан сол жерде жан тапсырса, 5 жасар қызы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, содан кейін есін жимастан ауруханада қайтыс болды.

Гульфайрус Қойбағарова, қалалық соттың судьясы:

- Ақтау қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бап 1, 4 бөлігімен қылмыстық істі қарады. Сотталушының кінәсін толық мойындап, жазасына шын ниетімен өкінгенін, жас балалары барын ескере отырып, 190-бабының талаптарына сай жеделдетілген тәртібімен түскен. Сол 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылды.