Омикрон штамы жұққан балалар ауруды бастан ауыр өткереді

Елде эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы салдарынан балалар, тіпті жаңа туған шақалақтар да коронавирус жұқтыра бастаған. Қызылорда облысында кейінгі 20 күнде 30-ға жуық жаңа туған бүлдіршіннен індет анықталып, төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Елде өзге де жедел респираторлық вирустар өршіп тұр, дейді мамандар. Індет кезінде ата-ана нені білуі керек, дәрігерлер не дейді? 

Кез келген бүлдіршінге кемі 1 жасқа дейін вирустық инфекция қауіпті болып есептеледі. Қазір Қызыорда облысы бойынша аяғы ауыр 300-ге жуық әйел Ковид жұқтырса, оның 66-сы ауруханада ем алып жатыр. Аналар мен балалар арасында күн сайын 20-25 індет жұқтыру дерегі тіркеледі. Қаңтар айы басталғалы 183 баладан коронавирус инвекциясы анықталып, 57-сі ауруханаға жатқызылған.

Мая Мирзанова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Коронавирустық инфекциядан балалар арасында өлім жағдайлары тіркелген деректер бар. Сондықтан бұл балаларда және жүкті әйелдерде ауыр жағдайда өтеді коронавирустық инфекция. Өйткені бұл барлық мүшелерді, органдарды, бүйрек болсын, өкпе болсын зақымдануы жоғары пайыз көрсетеді.

Індеттен қорғанудың жалғыз жолы вакцина салу. Өз бетінше ем-дом жасау нағыз қауіп. Мамандар антибиотик ең ауыр жағдайда қолданылуы тиіс дейді. Себебі баланың ағзасы аталған дәріге үйреніп алса, кейін интенсивті терапия керек болған жағдайда ол қауқарсыз болып қалады. Сосын тұмаудың бәрі ковид емес. Оны да білген абзал. Бүгінде халық арасында тұмаудың 490-ға жуық түрі анықталып отыр.

Айнагүл Қуатбаева, ДСМ санэпидсараптама және мониторинг орталығы филиалының директоры:

- Жасы 18-ге дейінгі балалардың арасындағы сырқаттанушылық жалпы сырқаттану арасынан 15 пайызды алып отыр. Жас балалардың арасында да омикрон штамымен шақырылған КВИ жұқпасы жеңіл түрде өтуі мүмкін. Бүгінгі күні тек КВИ жұқпасы емес, сонымен қатар ЖРВИ-ның тұмауға да көңіл бөлуіміз керек.

МРесейлік вирусолог Анатолий Альтштейннің пікірінше «омикрон» тыныс алу жолдарында екпінді түрде көбейеді. Балалар арасында «дельта» штаммен салыстырғанда күрделі өтеді. Сондықтан үлкендер арасындағы симптомсыз вирус тасымалдаушылар балаларға қауіп төндіруі мүмкін.

Анатолий Альтштейн, Гамалея атындағы  зерттеу орталығының ғылыми қызметкері:

- Вакцина салдырған адам індетті жұқтырудан сақтағанбағанымен аурудың ауыр өтуінен толық сақтана алады. Себебі бұл ауру бей-жай қарайтын дүние емес. Онымен күресу де тиянақты түрде жүргізілуі керек. Бұның бір ғана жолы бар – ол вакцина салу. Бұрын ауырған немесе екпе салдырған адамдар ауруды оп-оңай еңсереді.

Омикрон штамы өзгелерге қарағанда жұқпалы екені аян. Тіпті оның инкубациялық мерзімі де небәрі 2-5 күн аралығында анықталып жатады. Мамандар бұл штамм 2 мен 5 жас аралығындағы балалар үшін қауіпті деп отыр.

Аймақтағы тілшілердің көмегімен Дәуренбек Бағдәулетұлы