Алматыда бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Алматыда бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Алматыда 27 қалалық ғимаратты жөндеу қажет. 10 нысан бюджет есебінен қайта жаңартылады.

Қалған 17 ғимаратқа келген залал көп емес, сондықтан олар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөнделеді. Бұл туралы үкіметтік комиссияның Алматы өңіріне жасаған сапары барысында мәлім болды. Қазір қалада 20 құрылыс компаниясының күшімен 9 нысан маңындағы қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілген. Оған 800-ге жуық адам және қырықтан астам арнайы техника тартылған. Бүлінген 587 бейнебақылау камерасының 434-і қалпына келіп, жұмыс істеп тұр. Дәл осындай жұмыс Талдықорған қаласында да жүргізіледі. Қазір 2 мәдени нысан жөнделген, алда тағы 5 бірдей мемлекеттік орган қалпына келеді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мәліметі бойынша өңірде 141 коммерциялық нысан зардап шеккен. 120-дан астам шағын және орта бизнес ұйымдары қалпына келтіріліп, жұмысын жалғастырып жатыр. Алматы облысы бойынша келтірілген залалдың жалпы сомасы 16 млрд теңгені құрады.