Елімізде коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

Елде өткен тәулікте тағы 16 мың 284 адам вирус жұқтырды.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 мыңнан аса адамнан анықталды. Алматы қаласында да эпидемиологиялық ахуал нашар. Мұнда соңғы тәулікте 2 мың 57 адам дертке шалдыққан. Қазір елдегі ауруханаларда 88 нашар жатыр. 57-сі өкпені жасанды желдету апаратына қосылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпары бойынша, соңғы күндері коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмған.