Президент: «Самұрық-Қазына» қоры сатып алу жүйесін 1 айда реттесін

Қазақстан экономикасының 48%-і ірі кәсіпорындарға тиесілі. Жаңа Қазақстанды құрудағы олардың үлесі де орасан болуы тиіс. Бүгін президент нарықтағы ірі бизнестің басшыларын жинап, кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент жеті міндет жүктеді. Соның бірі – инвестициялық климатты жақсарту. Капиталды елге қайтару, ақшаның офшорларға кетпеуін қатаң қадағалау. Тағы бір міндет – табиғи байлықтарды дұрыс игеру. Бұл ретте Президент салалық министрлікке елдегі кен орындарын түгел тексеріп, жұмыс істемей тұрғандарын анықтауды тапсырды. Президент айтқан тағы бір мәселе мемлекеттік сатып алуларды реттеу. Бұл ретте Президент «Самұрық-Қазына» қоры жүргізетін мемлекеттік сатып алулар барысын сынады. Қордың бұл бағыттағы жұмысын ретке келтіруге соңғы рет мүмкіндік беремін деп ескерткен Қасым-Жомарт Кемелұлы бір ай уақыт берді.