Елордада мәдениет майталмандары екпе алып жатыр

Елордада мәдениет мекемелерінің қызметкерлері коронавирусқа қарсы ревакциналаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін қалалық №2 емханада 50-ге жуық өнер иесі бустерлік дозаны алды. Келгендерге дәрігерлер отандық «казвак», ресейлік «спутник лайт», қытайлық «синофарм» сынды препараттарды ұсынылды. Бастысы вакцина алғаннан кейін 6 ай уақыт өту қажет.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасына қарасты 12 мекеме бар. Онда 1900 қызметкер жұмыс істейді.

Айболат Жаудыр, М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры:

– Мен бұған дейін екі кезеңдіде спутникті алған болатынмы. Қазір казвакты таңдаймын. Отандық өнім. Сондықтан отандық өнімді қолдау керек сияқты. Ешқандай қорқудың қажеті жоқ. Себебі әр адам өзінің денсаулығына жауап беруі керек. Сонымен қатар біз мынау қоғамның ортасында, елдің арасында жүргеннен кейін өнер адамдарының барлығы вакциналарын салу керек сияқты.

Олжас Сыдықбек, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония директорының орынбасары:

– Басында енді сондай ақпараттар болғаны рас қой. Ол андай болды, мындай болды. Бірақ енді мен қазір ойлаймын халықтың басым көпшілігі түсініп қалды. Өйткені бүкіл әлем ақымақ емес шығар. Бәрі бас тартып алмай жатса ол бір сары. Қазір осыдан басқа жол жоқ болып тұрғаннан кейін және бүкіл ғаламдық дәрігерлер, денсаулық сақтау ұйымы осы вакцинадан басқа жол жоқ дегеннен кейін енді қазір халық ақпараттаны жатыр, оның пайдасын көріп жатыр.