Qatar Airways және Air Arabia Қазақстанға рейстерді қайта бастады
- 107
- UPD: 17:12, 21.01.2022

2022 жылғы 21 қаңтардан бастап Катардың Qatar Airways әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша ұшуларды қайта бастады. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалады. Бұл туралы ҚР ИИДМ мәлімдеді.
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің Air Arabia әуе компаниясы 2022 жылғы 21 қаңтардан бастап А-320/А-321 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рейс жиілігімен Шарджа-Алматы-Шарджа бағыты бойынша ұшуды қайта бастады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
