425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Карантин мерзімі қысқарды – жаңа қаулы

  • 287
  • UPD: 19:41, 21.01.2022
Карантин мерзімі қысқарды – жаңа қаулы

Бүгіннен бастап карантин мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің бас санитар дәрігері осындай қаулы қабылдады. Енді жаңа ереже бойынша індет белгісі жоқ, яғни симптомсыз дертке шалдыққандар мен коронавирус жұқтырған науқаспен тығыз қарым-қатынаста болған азаматтар 7 күннен кейін ПТР тест тапсыра алады. Сәйкесінше, анықтама теріс нәтиже көрсетсе, онда әлгі азаматтың статусы автоматты түрде «қызылдан» «көк» немесе «жасыл» түске ауысады. Ал коронавируспен ауырып жатқан адамдар 14 күн бойы ем алуы тиіс.

Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ өкілі:

- Симптоммен ауырып немесе ауруханада ауырып жатқан адамдар міндетті түрде 14 күн карантинде болып, ем алу керек. Екі топтағы азаматтар 7 күннен кейін ПТР тест тапсыруға рұқсат бар. ПТР тестің нәтижесі теріс шыққан жағдайда олар сегізінші күні еш кедергісіз қалада қозғалуына болады, жұмысқа баруына да рұқсат бар.

Хабар 24 телеарнасы