Шымкентте екі ауданды жалғайтын жарамсыз көпірдің орнына жаңасы салынады

Шымкентте қос ауданды жалғап тұрған жарамсыз аспалы көпірдің орнына ақыры жаңасы салынатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрамсу өзені арқылы өтетін көпірді осындағы халық өз қаражаттарына тұрғызған еді. 90 жылдардың басында салынғандықтан әбден тозығы жетіп, су шайып кеткен. Салдарынан ұзын-сонар көлік кептелісі тіркеліп, тұрғындар емханаға қиындықпен қатынап жатыр. Жаңа көпірдің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Нысан демеушінің есебінен жүргізіледі. Алайда барлық стандартқа сай салынуы керек. Жоспар бойынша ені 5, ал ұзындығы 18 метр болады.

Досбол Есілбек, Еңбекші ауданының әкімі:

- Бұл көпір қосалқы. Басты көпіріміз 1 шақырымдай жерде орналасқан. Ол жерде таңертең және кешкі уақыттарда автокөліктердің көп болуына байланысты көлік кептелісі пайда болып жатыр.

Сондай-ақ...