Коронавирустан емделіп жатқан 104 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 22 қаңтардағы ақпарат жарияланды.

22 қаңтардағы мәлімет бойынша 135 963 адам коронавирус инфекциясынан (–134 456+ және 1507 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 9241 пациент стационарда, 126 722 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

• 405 адамның жағдайы ауыр,

• 104 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 57 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.