424,84 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

«Қазақстан халқына» қорына шамамен 150 млрд теңге түсуі мүмкін – Болат Жәмішев

  • 161
  • UPD: 15:27, 22.01.2022

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорында шамамен 150 миллиард теңге болады. Бұл туралы бүгін онлайн брифингте Қор басшысы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы:

- Қорда шамамен 100 миллиард теңге болады деп санаймыз және осы 100 миллиард негізгі және маңызды мәселелерді шешуге жұмсалуы тиіс. Сонымен қатар тағы 50 миллиард теңге басқа да екінші кезектегі міндеттерді орындауға жұмсалмақ. Ол кезге дейін қорға 150 миллиард теңгеге дейін түсуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы