425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қаңтар оқиғасы: 1822 қылмыстық іс қозғалды

  • 165
  • UPD: 18:18, 22.01.2022

«Құқықтық тәртіп» шұғыл алдын алу шараларын жүзеге асыру барысында терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету және бұзақылық бойынша 1 мың 822 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданған. Бұл туралы Президенттің қатысуымен өткен жиында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Айтуынша, ұсталған азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермес үшін құқық қорғау ұйымдарымен тығыз ықпалдастық орнатылған. Сондай-ақ кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевқа құзырлы органдар лаңкестік қауіптерді жою және келешекте ондай қатерлерге жол бермеу механизмдерін әзірлеу жөніндегі шаралар туралы айтты. Баяндамаларды тыңдаған Мемлекет басшысы болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне баса назар аударды.

Хабар 24 телеарнасы