Бас прокуратура: Азаматтардың құқығын бұзу дерегі бойынша 91 шағым түсті

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандарға қатысты адам өлімі, азаптау, қызметін асыра пайдалану деректері бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары мәлімдеді. Елдос Қилымжановтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне қатысты 91 шағым түсті. Оның 19-і расталмады. Жалпы қаңтар айындағы қайғылы оқиғалардан кейін 9 мыңнан астам әкімшілік іс қаралды. 4,5 мың азаматқа ескерту жасалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталғандардың жазасын мүмкіндігінше жеңілдетуді тапсырды.