Семейде 1500-ден астам жас маман жұмысқа орналасты

Семейде 1500-ден астам жас маман жұмысқа орналасты

Былтыр Семейде екі мыңнан аса жас маман жұмыс іздеп жұмыспен қамту орталығына барған. Олардың тек жартысы ғана қызмет тапты. Бірқатары қол қусырып отырмай, мемлекеттік грант есебінен жеке кәсіп ашты. Сөйтіп, ерінбегенге нәпақа табылды. Оның үстіне «Жастар Практикасы» бағдарламасы аясында төленетін еңбекақы көлемі де арта түскен.    

20 жастағы Айнұр Шыбынтаева колледж бітірген соң көпке дейін өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмапты. Содан кейін ағылшын тілі пәнінің мұғалімі еңбекпен қамту орталығына жүгінген.

АЙНУР ШЫБЫНТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

- Жұмыспен қамту орталығына келдім, СКЛ сосын мені СКЛ жастар практикасынан өтуге шақырды. Әрине мен келістім. Жұмыс керек болғандықтан. Сосын мені интеллектуалды орталығына шақырды. Сосын мен өз мамандығыммен жұмыс істей бастадым.

Өткен жылы орталыққа 2,5 мыңнан аса азамат жұмыс іздеп барған. Соның мың жарымы тұрақты еңбекпен қамтылды. Мекеме қызметкерлері мамандығын өзгертем дегендерге де қысқа мерзімді курстан өтуге мүмкіндік береді.

 

ЕРСІН ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

- 2021 жылы Семей қаласы бойынша «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бірінші бағыты шеңберінде 375 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберді. 9 оқу орнында 17 мамандық бойынша жүргізілді. Оқытуды ұйымдастыруға 95 млн жұмсалды. СКЛ Оқуды аяқтаған 338 адамның ішінде 261 адам немесе 77 пайызы жұмысқа орналасуға көмек алды.

САБЫР АШЕЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бізге келген адамдардың мыңнан астамы жұмысқа орналаспады. Олардың 130-ы қазір жастар практикасынан өтіп жатыр. Қалғандарын еңбекпен қамту бойынша тиісті шараларды атқарып жатырмыз.

Ал 52 адам мемлекеттен берілген қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізіп өз арманын жүзеге асыра бастады. Олардың көбі ауыл шаруашылығында кәсіп бастап, әлеуметтік нысандар ашқан. Айта кетейік, мемлекеттік грант көлемі биыл 200 АЕК 400 АЕК дейін көбейді.

Шыңғыс Қалиден, Әсем Өтешова, Медет Өмірханов