431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағандылық қыз кез келген қалдықты кәдесыйға айналдырады

  • 159
  • UPD: 12:39, 23.01.2022

Қарағандылық студент тұрмыстық қалдықтардан көздің жауын алатын кәдесыйлар жасайды. Жұмыртқаның қабығы, шәйдің қабы да жарай береді. Жұрттың қоқысқа тастаған затының барлығын кәдеге жаратуға болады дейді Анна Ретунская. Қолы ұсынақты шебер енді өз білгенін өзгелерге үйрету үшін оқу курсын ашпақ. 

Анна Ретунская кез-келген тұрмыстық қалдықты керемет туындыға айналдырады. Мысалы, мына шөлмек шағын шәй пакеттерінен жасалған.

АННА РЕТУНСКАЯ, СТУДЕНТ:

– Қанша пакет кеткенін санамадым. Әуелі пайдаланылған шәй пакеттерін кептіріп, жағып, тегістелген шөлмекке бірден жабыстырамын. Тіпті бояп та қажеті жоқ. Табиғи түсі осылай әдемі.

Ал мына көне сандықты жасау үшін Анна 3 күн еңбектенген. Шикізат ретінде жұмыртқаның қабығын, картон қағазды, ескі белбеуді пайдаланыпты.

АННА РЕТУНСКАЯ, СТУДЕНТ:

– Сандықтың өзі қатты қағаздан жасалған. Ал жиегіне қалың жіпті өріп, желіммен жабыстырдым. Сыртын кәдімгі ең арзан дәретхана қағазымен безендірдім. Терімен қапталған секілді.

Аннаға бұл өнер атасынан дарыса керек. Ол ағаш шебері болыпты. Жасаған бұйымдары үйлерінде әлі де сақтаулы. Қазір Анна агротехникалық колледжде аспаз-кондитер мамандығы бойынша оқып жатыр. Бірақ келешекте дизайнер болғысы келеді. Сондықтан екінші мамандық алуды жоспарлап қойған.

ИРИНА РЕТУНСКАЯ, АННАНЫҢ АНАСЫ:

– Кейінгі кезде біз далаға қоқыс шығармайтын болдық. Анна ескі дүниенің барлығын кәдеге жаратады. Тіпті, макарон өнімдері, асбұршақ, моншақты да пайдаланады. Мен оған шамам келгенше қолдауға тырысамын.

Қазір Анна ескі жиһаздарды да қалпына келтірумен айналысады. Келешекте арнайы курс ашып, талапты жастарға шеберлік сабағын өткізсем, – дейді.

Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев

Хабар 24 телеарнасы