Еліміздің 7 өңірінде күннің қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.
Солтүстік және Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында тұман түседі. Сондай-ақ осы Жамбыл да көктайғақ. Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау және Атырау облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ал елордада дәл қазір 22-24 градус аяз. Дегенмен түс ауа күн сынып, 16 градусқа дейін төмендейді.
