Атырауда жоғалып кеткен 9 жасар бала әлі табылмай жатыр

Атырау қаласындағы «Балықшы» шағынауданында тұратын 9 жасар бала кеше, 22 қаңтарда жоғалып кеткен.

Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпаратты ТЖД баспасөз қызметі растады. 

«23 қаңтар күні сағат 05.30-да Атырау облысы полиция департаментінен 22 желтоқсан күні сағат 15.00-де Балықшы ықшам ауданындағы Абай көшесінен 2013 жылы туған бала көшеге шығып, үйіне оралмағаны туралы хабарлама келіп түсті. Өз күштерімен іздеу нәтиже бермеді.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Балықшы шағын аудан бойынша жоғалып кеткен баланы іздестіруде. Сондай-ақ Перетаска каналына сүңгуірлік жұмыстар жүргізілуде.

Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 17 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды», делінген Атырау облысы ТЖД баспасөз өызметінің мәлімдемесінде.