Алматыда тәртіпсіздік кезінде ұсталғандарды іздестіру үшін call-орталық іске қосылды

Алматы қалалық полиция департаменті тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздестіру үшін арнайы сенім телефонын іске қосты, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Сіз сall-орталыққа хабарласып тергеу изоляторларындағы адамдар мен басқа да мәселелер бойынша ақпарат ала аласыз. Адвокаттар да осы call-орталықтарға жүгіне алады. Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатқанына сендіргім келеді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Мына телефон номері бойынша +7 (727) 290-19-01 байланыс орталығына хабарласуға болады.