Елордада бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды

Бүгін бастауыш сынып оқушылары қайтадан қашықтан оқиды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл әзірге бірінші ауысымға қатысты шұғыл шешім. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бұл күннің суықтығына байланысты. Қазір елордада аяз 25-28 градустың шамасында. Негізі бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы қабылданған шектеу шаралары алынып, оқушылар мектепке келуге тиіс еді.