Алматыдан 966 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, 24 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 07:21-де жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 966 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында жатыр.

Жер сілкінісінің энергетикалы класы 11.9.

Магнитудасы MPV 5.0.

Тереңдігі 180 км.