456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қазақстанда өндірістік орындарда жарақаттану деңгейі 2,5% азайған

  • 121
  • UPD: 09:56, 24.01.2022
Қазақстанда өндірістік орындарда жарақаттану деңгейі 2,5% азайған

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 1 465 қызметкер зардап шекті, олардың 200-і қаза тапты.

Бұл ретте 2021 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылмен салыстырғанда 2,5%-ға азайды.

Осылайша, 2021 жылы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 1000 адамға шаққанда 0,22 (2020 жылы – 0,23) құрады.

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (238 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (204 адам), Қостанай (122 адам), Павлодар (114 адам), Ақтөбе (107 адам) облыстары мен Алматы қаласындағы (107 адам) кәсіпорындарда сақталды.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 18,8% (276 адам) және құрылыс саласында – 11,3 % (167 адам) байқалады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Хабар 24 телеарнасы