Қарағанды облысында науқастар саны азайып келеді

Тәуліктік вирус жұқтыру дерегі бойынша Қарағанды облысы үшінші орынға шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл өңірде 1 мың 866 адамнан вирус табылған. Қазір аймақта індет жұқтырғандар саны күн сайын азайып келеді. Бұған дейін тәулігіне 2 мыңнан астам адам анықталып отырған. Қазіргі күні 993 адам ауруханада ем алып жатыр, оның 35-і жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа деп бағалады. Облыс бойынша 568 мың 659 адам екпенің екі компонентін алса, 79 мың адам ревакцинациядан өткен.