Ақмола облысында тәулігіне бір мыңнан астам адам вирус жұқтырған

Дәрігерлердің айтуынша, бұл пандемия басталғалы бері тіркелген антирекорд, деп хабарлайды Хабар 24.

Ал қауіпті вирусты жұқтырғандардың жартысына жуығы Көкшетау қаласының тұрғындары. Инфекциялық ауруханаларда 600-дей пациент жатса, олардың 20 шақтысы ауыр халде. Өңір қазір «қызыл» аймақта. Сәйкесінше біраз шектеулер бар. Мәселен, ірі сауда орталықтарына тек «жасыл» статусы бар адамдар ғана кіре алады. Ал оқушыларының саны 600-ден асатын мектептерде білім алушылардың жартысы бүгіннен бастап қашықтан оқуға көшірілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақмола облысында 7 мыңнан астам адам коронавирус дертіне шалдығып, олардың оны көз жұмды.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Вирус жұқтырғандардың контингентіне келер болсақ, олардың 80 проценті 30 бен 60 жас аралығындағы жұмыс істейтін халық. Осылайша ересектер арасында ауру көрсеткіші көбейгендігін байқаймыз. Ал мектеп оқушылары арасында өсім жоқ. Себебі олар біраз уақыт демалыста болды және небәрі 1 апта ғана офлайн оқыды.