«ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

Ибулла Серді «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24» Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап (KASE).

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы шешімімен Қоғам Басқармасының құрамына келесі өзгерістер енгізілді:

– басқарма төрағасы Шарипбаев Қ.Қ. қызметінен босатылды

оның орнына Серді И.Ж. басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды

Есепте енгізілген өзгерістерді ескере отырып, «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма құрамында жеті адамнан тұрады: Серди И.Ж., Сүлейманов Р.Е., Жанұзақ Т.Ж., Абайылданов Б.К., Хван В.Б., Майтиев А.Б., Абдуллин Р.С.

Ибулла Серді бұған дейін «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, Шәріпбаевтың өкілеттігі Директорлар кеңесінің шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлағанбыз.