Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктен бүлінген қызметтік көліктер ауыстырылды

Шымкентте жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлінген автоліктердің орны толықтырылып жатыр.

Шаһарда бүлік кезінде барлығы 75 автокөлікке зақым келген. Оның отызы түгел өртеніп, 45-не әртүрлі шабуыл жасалған еді. Жарамсыз деп танылған 63 қызметтік көліктің барлығы ауысты. Полиция департаментінің баспасөз қызметі жаңа көліктер замануи арнайы құрылғылармен жабдықталғанын жеткізді. Бейнетіркеуіш, навигациялық жүйелердың соңғы моделімен жарақтандырылған. Мамандар материалдық-техникалық базаның нығаюы жедел әрекет етуге ықпал етеді, - дейді. Қаланың бас полицейі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз еткен тәртіп сақшыларының жұмысына алғысын белдірді.

Ералы Жұмаханбетов, қалалық Полиция департаментінің бастығы:

– Бізге 63 автокөлік бөлінді. Солардың барлығы келіп жұмысқа шығуға дайын. Осындай жағдай жасалып жатқан кезде біздің полицейлер барынша халыққа адал, таза қызмет жасайды деп сендіргім келеді.