Алматыдағы бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру ісіне волонтерлер атсалысуда

Алматыдағы бүлінген әкімшілік ғимараттарды қалпына келтіру ісіне волонтерлер да белсенді атсалысып жатыр. Қаладағы 100-ге жуық студент Алматы әкімдігін тазалауға көмектескен. Олар екі күн бойы құрылысшыларға қолғабыс еткен.

Жалпы қалалық волонтерлік штаб өз жұмысын 10-шы қаңтарда бастаған. 21-ші қаңтарға дейін күндізгі уақытта штаб жатақханаларда, коммуналдық қызметтерге, жатақханада тұратын студенттерге, әскери қызметшілер мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 7 мыңнан астам ыстық тамақ тасыған. Сондай-ақ, мұқтаж алматылықтарға 500-ге жуық азық-түлік пакеті таратылды. Студенттер алдағы уақытта зақымданған сауда орындары мен кәсіпкерлік нысандарын жөндеуге қолғабыс етуге дайын екенін айтады.

Бағлан Төреханұлы, волонтер:

– Біз қазіргі таңда «Атамекеннен» шағын және орта бизнестің тізімін күтіп жүрміз. Қазір экспертиза болып жатыр. Волонтерлердің саны күннен күнге өсуде. Ол бізді әрине қуантады. Себебі, күшіміз бірлікте.

Сондай-ақ...