431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Шығыста құтқарушылардың кәсіби деңгейі тексерілді  

  • 165
  • UPD: 21:03, 24.01.2022

 

Шығыстағы құтқару және іздеу қызметінің мамандары кәсіби біліктілігін биік тауларда сынап жатыр. Оқу-жаттығу кезінде оларға қар көшкіні басып қалған туристі іздеу тапсырмасы жүктелді. Қар астында қалған азаматты құтқаруға кинологтар мен арнайы жедел жасақ та жұмылдырылды. Арнайы ұйымдастырылған жаттығу кезінде төтенше жағдай қызметі мамандарының тау арасындағы әрекеті мен дайындығы тексерілді.

Шығыста биыл қар аз. Дегенмен Алтайдың тауларындағы қардың қалыңдығы 3-4 метрге дейін жетіп қалады. Өңірде Алтай, Қотанқарағай, Риддерде қар көшкіні жиі болып тұрады. Тек биыл қыс түскеннен бері 28 мың текше метр қарды механикалық жолмен құлатып түсірген.

Селден қорғау мекемесінің мамандары тау арасындағы елді-мекендер мен автокөлік жолдары бар аумақтардағы қарды құлатады. Өзіндігінен түскен көшкін әлдеқайда қауіпті. Бұл жолғы оқу жаттығу сол көшкін түсетін аумақта шаңғы теуіп жүріп көшкінге басып қалған туристі құтқаруға бағытталды. Әуелі иісшіл ит жіберілді.

Дархан Мусин, кинолог:

– Бұл ит 50 ге жуық операцияға қатысқан. Кәсіпқой ит. 4 жыл жұмыс істейді.

Иісшіл ит қар астындағы адамның жатқан аумақты дәл көрсетеді.Одан соң сол жерді құтқарушылар арнайы таяқпен тексеріп нақтылады. Зардап шеккен азаматқа сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Жадыра Аманғалиқызы, облыстық ТЖД басапасөз қызметінің бас маманы:

– Айтып өткен оқу-жаттығудың мақсаты қар көшкіні болған жағдайда адамдар қалай әрекет ету керек. Қалай көмекке шақырады.Біздің құтқарушылар. Сонымен қатар тіпті құтқарушылар жаныңызда болмаса, қолда бар заттармен өз-өзіңізге көмек көрсетуге болады. Сол жағдайларды көрсету.

Тек қана Риддер қаласының маңында 10 нан аса демалыс нысаны мен еш бақыланбайтын биік таулы беткейлер бар. Өте қауіпті болса да, туристердің көбі сондай шыңдарға шығуға құмар. Ал шығыста қар көшкіні түсетен 497 қауіпті аумақ бар. 7 ірі елді мекен дәл көшкіннің өтінде тұр. Сондықтан селден қорғау қызметінің мамандары қар көбесі толық сөгілгенше аттан түспейді.

Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы