431,41 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Кәсіпкерлік субектілер үшін карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

  • 150
  • UPD: 23:53, 24.01.2022
Кәсіпкерлік субектілер үшін карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкерлік субектілерге арналған шектеулер жеңілдетіледі. Яғни жұмыс уақыты ұзарып, келушілер саны артады. Шешім ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Енді жасыл аймақта шектеусіз, ал сары немесе қызыл аймақтарда келушілер саны немесе жұмыс уақытына қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі қаралады. Алайда кәсіпкерлерге сантиарлық талапты сақтау міндеттеледі.

Жиында халықты вакциналау және ревакциналауға басымдық берудің маңызы да айтылды.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. 

Хабар 24 телеарнасы