Кедей елдерде медицина қызметкері жетіспей жатыр

Коронавирустың кезекті толқыны кедей мемлекеттерде медицина қызметкерлерінің тапшылығына әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл жөнінде Медбикелердің халықаралық кеңесінің өкілдері мәлімдеді.

Маман санының азаюына індет жұқтыру деректерінің көбеюі, артық жүктеме және жұмыстан жаппай шығу жағдайлары себеп болып отыр.

Айта кетейік, Нигерия, Кариб теңізі және Сахара шөлінің оңтүстігіндегі африка мемлекеттерінде мамандардың елден көптеп кетіп жатыр.