Қазақстан мен Татарстан тауар айналымды $1 млрд жеткізбек

Қазақстан мен Татарстан алдағы жылдары тауар айналымын 1 миллиард долларға жеткізбек. Осы мақсатта қос тарап ауыл шаруашылығы, мұнай-газ химиясы, өнеркәсіптік кооперация және басқа да салаларда ынтымақтастықты арттырмақ.

Бұл мәселелер елдің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың кездесуінде талқыланды. Қазірдің өзінде Қазақстанда Татарстан кәсіпкерлерінің қатысуымен бірнеше ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы тарихи бауырластық қарым-қатынас одан әрі нығая түсетінін сенім білдірді