Қазақстан технократ елге айнала ма?

Өзгеде жоқ кезде сізде ғана интернет болуы мүмкін бе? Ия, интернет жоқ кезде де жаңалық көріп, жақындарыңа телефон арқылы хабарласуға болады. Қажет болса осындай төте жол тауып, тығырықтан шығатындар бар. Бірақ қазіргі дамыған заманда бұл да жаңалық емес.

Рас, ай-ти саласында кенжелеп қалдық. Бірлі-жарым біліктілер болғанымен халықтың цифрлық сауаттылығы жөнінен мақтана алмаймыз. Өйткені қазір жұрт жаппай қолданатын телеграмның өзі бізге өзгелерден кеш жетті.  Бұдан шығудың жолы оқу, үйрену, техниканың тілін білу. Технокараттық елге айналамыз десек тек осы жолды таңдауымыз керек. Мұны кеше президент те айтты.  

"Адамнан айла артылған ба?" Жаңа технология адамның қолын ұзартып, әп-сәтте хабар алдырады. Дәл жаныңызда отырғандай бейнесін көріп, сөйлесе аласыз. Бірақ интернет болмаса бұл да жоқ. Дегенмен, цифрлық локдаун кезінде де қазақстандықтар  прокси-серверді қолдана алады. Яғни интернет жетпей жатқанда, кейбіреулер емін-еркін жаңалық көріп, телефонмен әңгімелесіп отырмақ.  Бұл қалай? Тіпті кешегі дүрбелең кезінде де ел іші былай тұрсын, жақын-жуығына алаңдаған шетелдегі отандастарымыз Қазақстанмен байланысқа шыға алған. Яғни өзіндік жүйе-прокси сервер енгізген. Әрине бұл да тегін жатқан дүние емес.

Нәрікби Мақсұт, IT маман:

- Сервер негізі қымбат тұрмайды. Біз ең мықтысын алдық. Біз провайдерлерге, сервер беретін кісілерге мықтысын берсін дедік, мықтысын алу үшін бізге разрешение керек. Біз түсіндіруге тырыстық. Қазақстанда интернет өшіп қалды деп түсіндірдік. Жалындық хотя бы 1-2 күнге берсін деп. Басында өз қаражатымнан басталды. Кейін түсіндім ол болмайтынын. Өйткені серверіміз тез толып қала берді адамдармен и мен айттым давайте біз краудфандинг жасайық дедім. Былайынша адамдар маған ақша жіберсін қанша жібере алады. Жиналған ақшаға ала бересіз деп телеграмға жаздым. Адамдар жібере бастады. Халық өзі көмектесті. Халықтың өзі инвестор.

Нәрікбидің айтуынша, достарымен бірлесіп, бір уақытта 40 сервер енгізген. Сөйтіп, шамамен жарты миллион адам сілтеме арқылы интернетке қосылды.  Ал оны іс жүзінде қолдану үшін шетелдік провайдерлерден серверді сатып алған. Бірақ бұл интернет жоқта амалдаудың бір түрі болғанымен жаңалық емес дейді мамандар. Мұндайды, яғни проксиді мектеп оқушысы да пайдалана алады.

Болатжан Құмалақов, университет деканы:

- Осындай прокси серверді орнату, оның настройкасын құру, оған интернет арқылы, кез келген жүйе арқылы қосылуды, бәрін үйретеді. Оны бірнші курстың баласы біледі.

Әрине PROXY-ді мамандар, озық оқушылар білгенімен қарапайым халыққа таңсық. Сондықтан елдің де цифрлық сауаттылығын арттыру маңызды. Біз бұл ретте өзге елдерге қарағанда кешеуілдеп келеміз.

Нәрікби Мақсұт, IT-маман:

- Бізде интеллектуальный труд дейді ғой, соған деген көзқарас өзгерсе деймін да, себебі ол өте қиын. Біз шахта қазбасақ та біз күн сайын 8 сағат отырып жұмыс істейсің да, мимен жұмыс қиын және бағалы. Біз көршілерімізден артта қалдық. Украина, Белоруссия болсын, Ресей понятно қайда дамып кеткен. Біз тәуелсіздік алғаннан бері жасап жатырмыз. Көп адам білімсіздіктің қандай қиын екенін түсінген сияқты. Көп адам прокси телеграм деген не екенін түсінбеді. Біз 3 күннің ішінде базовый комп. грамотностті үйреттік, өйткені адам нужда болмаса үйренбейді.

Наргиз Бекмағанбетова, тілші:

- Әзірге біз шетелдік, яғни өзгенің дайын бағдарламаларын пайдаланамыз. Солар арқылы өз кеңістігімізде жұмыс істеп келеміз. Дегенмен, елдікіндей дүние неге бізде жоқ деген мәселе де туындайды.

Болатжан Құмалақов, университет деканы:

- Жаза алады ма дегенде оны үлкен вендер компаниялар миллиардатап ақша салады, оны бір адам емес, жүздеген адам жазады оны ондай программаларды сол себепті жазғанда бір бөлігін жаза латын да шығар, ең бастысы, біздің өзіміздің деңгейімізде мектептен кейін келіп жалпы мектептің сабағын оқып меңгеріп келген бала бірніші екінші курста, осы (сіздің сұрап жатқан) технологиялардың бәріне қол жеткізеді.

Не десек те, қазірі заман ІТ ИНДУСТРИЯДА көштен қалмауды ескертіп тұр. Күшіміз бірлікте десек те елді алға сүйрейтін технократтар керек екені айқын сезіледі. Қазақстан технократтық елге айналуы керек деген мәселе де осыдан туындайды.

Наргиз Бекмағанбетова, Арман Әмен,  Жандос Битабаров, Ырыстанбек Оспанов