Түркістан облысында жарық толық қосылған жоқ

Қалаға жарық қайта берілгенмен, өңір толық қосылмаған, деп хабарлайды Хабар 24.

Облыс аудандарында жарық әлі де жоқ. Ал қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі шаһардағы электр желісін тарату стансаларында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Оңтүстік өңірдің тұрғындары жағдайды әлеуметтік желілерде жарыса жазды. Жарықтың болмауынан облыс орталығындағы кей көшелерде аздаған көлік кептелісі болды. Көптеген мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің жұмысына да өз кедергісін келтірді. Алайда бір сағаттан кейін жарық біртіндеп беріле бастады. Қазір кейбір мекемелер болмаса, қалғандары қалыпты жағдайда жұмыстарын жалғастыруда. Әкімдік қызметкерлері электр энергиясы KEGOC желісіндегі ақауға байланысты өшкенін мәлімдеді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, желілерде кернеу төмендеп кеткен.