ШҚО-ның 49 жастағы тұрғыны алғашқы құжатын алды

49 жастағы ШҚО тұрғыны алғашқы құжатын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО-да жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұрып жатқан азаматтарды анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, бірнеше ай бұрын Семей қаласының Полиция басқармасына 49 жастағы тұрғын көмексұрап жүгінген. Ол өз сөзінде ешқашан Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты алмағанын, тіпті туу туралы куәлігі де болмағанын жеткізген. Аталған азамат Аягөз ауданында дүниеге келген. Әжесі мен атасының қолында тәрбиеленген ол 8 сыныпты бітіріп, Семей қаласына көшіп келген соң, 49 жасына дейін жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өмір сүргенін баяндаған.

Құжаттардың жоқтығын салдарынан не ресми түрде жұмысқа орналасып, не некеге тұра алмаған.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматтығын растау және жеке куәлікті ресімдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинауға көмектесті, туу туралы куәлікті қалпына келтіруге жәрдем көрсетті.

Қазіргі уақытта ер адам көптен күткен құжатты алды және енді ресми түрде жұмысқа тұра алады.

Сондай-ақ...