Өңірге «Спутник Лайт» вакцинасының сегіз мың дозасы бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы емханаларға бөлініп берілді. Қазір өңір тұрғындарының 89%-і екпе алды. Бұл көрсеткішпен аймақ республикада алғашқы бестікке кіреді. Ал ревакциналаудан 43 мың қызылордалық өтті. Емханаларда ұзын-сонар кезек болмас үшін оқу орындарында жылжымалы бекеттер жұмыс істеп тұр. Өйткені университеттер алдағы 7 ақпаннан бастап дәстүрлі оқу үдерісін бастауды жоспарлап отыр.
Жандос Базартай, университет проректоры:
– Профессор оқытушылардың 98%-і вакциналаудан өткен. 18-ден асқан студенттердің 94%-і вакцина алған. Сонымен қатар 18-ге толмаған 1100 студент бар. Олар Pfizer вакцинасын алуды бастады.
Жангелді Шаймбетов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
– Жалпы 80 мың тұрғын осы ақпан айына дейін ревакциналаудан өту қажет болатын. Қазіргі таңда орындалу 53% құрап отыр. Барлық емханаларда «Спутник Лайт» вакцинасы бар. Сонымен қатар 40 мың доза «Синовак» вакцинасы облысқа жеткізілді.