ҚР ІІМ: 2044 іс қозғалып, 900-ге жуық адам ұсталды

Қаңтар айының басында елде болған оқиға барысында 1466 үй-жайға және 77 мемлекеттік мекемеге шабуыл жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Санжар Әділов мәлімдеді. Бұзақылардың әрекеттерінен 1395 кәсіпкерге сомасы шамамен 87 миллиард теңге залал келтірілді. Оқиға кезінде бір жарым мыңнан астам азаматтық қару ұрланған. Қару мен оқ-дәрі сақтау деректері бойынша 127 қылмыстық іс қозғалды. Бұл істер бойынша дәлелдер ұсталған азаматтардың ұялы телефондарынан табылды. Күдіктілерге құқық қорғау органдарына жеткізбес бұрын қажетті медициналық жәрдем берілді. Сондай-ақ олардың құқығын қорғау үшін мемлекет тарапынан адвокаттар тағайындалды. Әділовтың хабарлауынша, қызметін асыра пайдаланған тәртіп сақшыларына қатысты тексерістер басталып кетті. Прокуратураға азаматтар тарапынан 109 шағым келіп түсті. Жалпы бас прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, қазір 2044 іс қозғалған. Олар бойынша 900-ге жуық адам ұсталды.