456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда жеті адам тергеу изоляторынан қолхат арқылы босатылды

  • 153
  • UPD: 23:38, 25.01.2022

 

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған 7 адам тергеу изоляторынан ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханада жатқан тағы 4 адам үйлеріне қайтарылады. Олардың барлығына жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін іс қозғалған. Күдіктілердің ісі бойынша бұлтартпау шарасын өзгертуге «Аманат» қоғамдық комиссиясы мұрындық болған. Комиссия құқық қорғау органдарымен бірге жұмыс істейді.

Адвокаттардың айтуынша, оларға қатысты тергеу әлі де жалғасады. Комиссия тәртіпсіздік кезінде қамауға алынғандардың бәріне бірдей көмектеспейді. Тек қана қолына қару алмаған, қаланы талқандамаған, халықты тонамаған адамдарға қолұшын береді. 

Абзал Құспан,  адвокат:

– Кеше біз бастадық жұмысымызды. Рұқсат алдық. Президент әкімшілігінің көмегімен. Прокуратура органдарымен бірге жұмыс істеуге рұқсат берді. Енді кешеден бастап қарап бастадық. 11 адамның барлығы қылмыстық іс. Әрі қарай жұмыстанатын боламыз. Прокуратура органдарымен бірге. Олар істерді сұратады. Біздер бірге қараймыз. Шығару керек па, жоқ па деген мәселені. Қылмыстық іс қозғалып жатыр бұларға қатысты. Ол бойынша түпкілікті шешім қабылданған жоқ. Қазір үйге шығарып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы