425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Зардап шеккен кәсіпкерлерге бір ай ішінде өтемақы төленеді

  • 153
  • UPD: 22:56, 25.01.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы шамамен бір ай ішінде төлене бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, 9 өңірдегі 1700 бизнесменнің кәсібіне нұқсан келді. Олардың 92 проценті – алматылықтар. Бұл азаматтардың шағымын қарау үшін арнайы комиссия құрылып, «Инфоқазақстан» порталы ашылды. Оған кәсіп иелері тарапынан 195 шағым келіп түсті.

Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

– Әр комиссиядан кейін тиісті өзгерістер енгізіліп отырады. Бұл кері байланыс. Барлық ақпаратты күнделікті жеткізіп отырамыз. Барлық комиссияларға өңірлік палата өкілдері кіреді. Осы бір айдың ішінде кәсіпкерлер Үкіметтен қаражат ала бастайды деген сенім бар.

Хабар 24 телеарнасы