Үкімет өтемақы төлеу механизмін өзгертті

Зардап шеккен кәсіпкерлерге өтемақы төлеу механизмі өзгертіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, бірнеше нысаны бар кәсіпкерлерге берілетін қаражат сомасы қайта есептеледі. Енді бизнесменнің орташа айлық ақша айналымы мен келтірілген залал мөлшерінің айырмасы ескеріледі. Ломбардтар мен ақша айырбастау орындарына залал тек сот сараптамасынан кейін ғана өтеледі. Төлемақыны беруді тездету үшін мүлкіне қатысты шағымдарды жергілікті атқарушы органдар да қабылдайды. Үкімет қажетті құжаттың барлығы болмағандықтан тексерістер ұзаққа созылып жатқанын ескертеді.