Атырауда 52 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Бірнеше жылдан бері сәби аңсаған әйел экстракорпоралды ұрықтандыру әдісіне жүгінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық перинаталдық орталықта білікті дәрігерлердің қатысуымен жасалған операция сәтті өтіп, шекесі торсықтай ұл дүниеге келді. Сәбидің салмағы 3 келі 70 грамм, бойы 51 см. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, – дейді дәрігерлер.